Қызылордада ескерткіштер орнатуға уақытша мораторий жарияланды

ҚЫЗЫЛОРДА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тарихи ескерткіштер орнату уақытша тоқтатылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Аймақта тарихи-мәдени мұралардың барлық нысандарын тәртіпке келтіру жөнінде жұмыстар жүретін болады. Осыған байланысты бұл нысандарды, соның ішінде бұрын жобаланып қойылған ашаршылық құрбандарына арналған мемориалды тұрғызуға уақытша мораторий жарияланып отыр», - деп мәлімдеді облыстық ішкі саясат басқармасынан.

Облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеменің директоры Ерқазы Алданазаровтың айтуынша, «Қызылорда облысында 489 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың 21-інің республикалық маңызы болса, 274-і жергілікті мәнге ие, ал 194-і алдын ала есепке тіркелген».

Бұдан бұрын Қызылорда қаласында 1932 жылғы ашаршылық құрбандары мен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының боздақтарына арналған ескерткіштердің салынуына рұқсат алынғаны хабарланған болатын. Бұдан басқа, мемлекеттік комиссияның қарауына Жанқожа батыр, Алпамыс батыр, ақын-драматург Әбділда Тәжібаев, Қалжан ахун, Бегім ана ескерткіштерінің жобалары жіберіліп қойылған. Мұның сыртында Қызылорда қаласында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Қазақстанның бірінші прокуроры Сүлеймен Есқараев, Жаңақорған ауданында қоғам қайраткері Садықбек Сапарбеков, Кеңес Одағының Батыры Николай Романов ескерткіштерін тұрғызу жоспарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар