Қызылордада ескерткіштерді күтіп ұстауға жастар жұмылдырылуда

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылордада қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ескерткіштерді қорғауға арналған акция өткізілді.
None
None

Ол қаладағы Қорқыт ата және Амангелді Иманов ескерткіштері түбінде қанат жайды.

Сыр өңірінің бас қаласында тарихи-мәдени ескерткіштер жетерлік. Атап айтқанда, мұнда Қорқыт Ата ескерткіш кешені, Сыр батырлары, Қобыланды батыр, Амангелді батыр, Жалаңтөс Баһадүр, Ғани Мұратбав, Мұхтар Әуезов және басқа да елімізге танымал тұлғаларға арналған ескерткіштер бар.

Акция барысында жастар ескерткіштерді жуып-тазалап, Қорқыт Ата және Амангелді Иманов туралы мағлұматтар алды. Қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Айдын Қайруллаев бұл шара әр сенбі сайын түрлі ескерткіштер аумағында өткізіліп тұратындығын айтып, жастарды осы игілікті шараға белсенді қатысуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар