Қызылордада этно-мәдени орталықтар өкілдері фестиваль өткізді

Фестиваль барысында облыс орталығындағы түрлі этно-мәдени орталықтар өздерінің ұлттық ұстынын ұлықтайтын көрме ұйымдастырып, көпшілік назарына ұсынды. Атап айтқанда, өзбек ұлттық орталығы көрмеге сырнай, кепшік, дағара, дойра секілді көптеген ұлттық музыкалық аспаптарын қойса, неміс ұлттық орталығы өкілдері қолөнер бұйымдарын ұсынды. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы туралы мұрағат экспонаттарынан жасақталған көрме де келушілердің қызығушылығын тудырды. Көрмеде 1910 жылғы шекті аспаптар оркестрінің суреттері, аймақтағы этно-мәдени орталықтар өкілдерінің әр кезеңдегі өнер көрсеткен сәттерінен түсірілген суреттер, олардың тарихын кестелеген кітапшалар, деректі құжаттар, ұлттық киімдер мен әшекей бұйымдар көрме ажарын аша түсті.
Бірлік пен татулықты ту етіп көтерген өнер акциясына Түркістан қаласының «Яссы» ансамблі қатысып, кештің көркін көтерді.