11:22, 03 Шілде 2010 | GMT +5
Қызылордада фарфор ыдыстарын шығаратын зауыт салынбақ
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Таяу аралықтарда Қызылордада фарфор ыдыстарын шығаратын зауыт салына бастайды.

Бұл жайлы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры қаржы және даму институттарын басқару жөніндегі директоры Бақытжан Сәркеевтың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында белгілі болды.
Жаңа кәсіпорынды «Құрылыс материалдары комбинаты» акционерлік қоғамы салатын болады. Инвестициялық жобалардың есебінен салынатын оның іргетасы биыл қаланады.