Қызылордада газдандыру жұмыстары жалғасын табады

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласын газдандыруға өткен жылы республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлініп,
None
None
көпқабатты және жеке үйлерге барлығы 89 шақырым төмен қысымды газ құбыры жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Үстіміздегі жылы құрылысы аяқталмаған газдандыру нысандарының жұмысын жалғастыру, сонымен бірге жаңа құрылыс жүргізу, оның ішінде 3 газ реттегішті қондыру атқарылмақшы. Нәтижесінде қаланың 46 көпқабатты және 4 мыңнан аса жеке тұрғын үй секторын газдандыруға мүмкіндік туады. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 3 млрд. теңге бөлініп отыр.
Соңғы жаңалықтар