09:35, 07 Қаңтар 2010 | GMT +5
Қызылордада Интернет Дата орталығы ашылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласында «Қазақтелеком» АҚ-ның Интернет Дата орталығы ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орталықты құру жобасы Елбасының Қазақстанда Интернет қызметін дамыту жөніндегі тапсырмасымен жүзеге асуда. Орталықтың ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Сәбит Қожаметов, ақпараттық жүйелер дирекциясының бас директоры Андрей Адаменко, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Құдайбергенов, облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры Сәдібек Балтабайұлы қатысты.
Интернеттік қызмет жүйесі облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас мекемесінде орналасқан. Ол қызылордалықтарға барынша ақпараттық қызмет сапасын жақсартып, деректердің сақталуы мен қорғалуын толық қамтамасыз ететін болады.