Қызылордада ипотекалық пәтерлердің кілттері тапсырылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Жақында тағайындалған Қызылорда қаласының әкімі Мархабат Жайымбетов «Сырдария» шағынауданындағы ипотекалық 30 және 50 пәтерлік екі үйлердегі піәтерлердің кілттерін иелеріне табыс етті.
None
None

Оларды жас отбасы, мемлекеттік қызметші, бюджеттік сала қызметкері және өзге де санаттар бойынша азаматтар алды. Ал мердігер «Бек и компания» мекемесінің басшысы Есенбек Бұхарбаев пен «Нұр-Ай» мекемесінің басшысы Ерлан Оспанов қалалық құрылыс бөлімінің бастығы Бақытжан Базарбаевқа пәтердің символикалық кілтін тапсырды.

- Ел экономикасының қарқынды дамуына орай жаңа құ­ры­лыс нысандары бой көтеруде. Қаламыздағы атқа­рылып жатқан осындай ауқымды істердің бұлтартпас дәлелі бүгінгі пайдаланылуға беріліп отырған үйлер. Соңғы бес жылдың ішінде шаһарымызда 21 көпқабатты үй бой көтерді. Мұның барлығы жарасқан бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасы, - деді қала әкімі Мархабат Жайымбетов.

Айта кету керек, 2010 жылға республикалық бюд­жеттен ипотекалық тұрғын үй құрылысына 532, 35 млн. теңге, ал жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 502,924 млн. теңге қаржы қаралған. Алдағы уақытта қаламызда тағы да екі ипотекалық үй пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар