Қызылордада қала көшелерін жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Үстіміздегі жылы «Жол картасы» аясында 51 жобаны жүзеге асыру межеленген болатын. Оның басым бөлігі жол жөндеу жұмыстарына арналып отыр. Бұл бағытқа 946 млн. теңге қаралды.
None
None

Бөлінген қаржыға қаладағы 33 көше, яғни 38263 шақырым жол жөнделуге тиіс. Сонымен қатар көпқабатты үйлердің орамішілік жолдары мен тротуарларын жөндеу ісі қолға алынды. Қазіргі таңда мамандардың айтуынша, 15 көшенің жөндеу жұмыстары 90 пайызға аяқталды.

«Жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық қаражат есебінен «Шұғыла» шағын ауда­нындағы көпқабатты тұрғын үйлер­дің ауласындағы кіріс жолдарын, жаяу жүргіншілер жолдары, авто­көлік тұрақтарын жөндеуден өткізу үшін 202,7 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп,12,5 шақырымға жөндеу жұмыстары жүруде. Мер­дігер мекеме «ТехсервисҚызылорда» ЖШС алдағы қыркүйек айында өз міндетін аяқтамақшы. Сонымен қатар, 397 млн. теңгеге «Ақмешіт», «Мерей», «Южный» шағын ауданы мен Төле би, Өсербаев көшелері аумағындағы көпқабатты үйлердің квартал ішіндегі жолдарын, бордюрлерін салу қаралған. Жылда жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаяу жүргіншілер жолдары тыс қалып қоятын. Биылғы жылы 117,6 млн. теңгеге Қорқыт ата, Байтұрсынов, Бөкейхан көшелерінің тротуарлары жөнделетін болады.

Соңғы жаңалықтар