Қызылордада қала күнін тойлау жалғасып жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Сыр бойындағы бас қала өзінің ірге көтергеніне 195 жыл толуын кең көлемде атап өтіп жатыр.
None
None

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қызылордада бұл мерейтойды атап өту 1 қазаннан басталды. Оның шарықтау шегі 8-10 қазан күндеріне тура келеді. Кеше облыс орталығында өткізіліп жатқан осы мәдени шараға Байқоңыр қаласынан шаһар басшысының міндетін атқарушы Анатолий Петренко бастаған бір топ делегация келді.

Ғарыш айлағынан келген өнерпаздар Н. Бекежанов атындағы музыкалық драма театрда қала күніне тарту жасап, аймақ тұрғындарына концерт ұсынды.

Кеш барысында «Веретенце» студиясының ұжымы, «Элегия» халықтық-хореографиялық студиясының мүшелері, «Терра» ұлттық ансамблі өнерлерін ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар