Қызылордада қаланың 195 жылдығын тойлау басталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада қаланың ірге көтергеніне 195 жыл толуын тойлау басталды.
None
None

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қала мерейтойын атап өту үш күнге созылғалы тұр. Қазір облыс орталығының әр мүйісінде аудандардан жеткен мерекелік шашулар көрініс беруде. Ал кешке қарай Байқоңыр қаласының өнерпаздары А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде концерт береді. Ертең Жаңақорған, Жалағаш және Шиелі аудандарының облыс орталығына сыйға тартқан аллея-скверлерінің ашылу рәсімі өтеді. Оның аясында концерт, көрме және қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.

«Сағат 17-де Орталық стадионда Қазақстан футболына 100 жыл толуына орай футбол жұлдыздары жергілікті командалармен жолдастық кездесу өткізеді. Көрермендер сондай-ақ арнайы әзірленген қойылым мен гала-концертті, отшашуды тамашалайды», - делінген хабарламада.

Мұндай шараларды келесі күндері Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария аудандары жалғастыратын болады. Мерекелік көңіл-күйді Н.Бекежанов атындағы театрда өткізілетін республикалық ақындар айтысы мен «Сыр Ана» монументі маңында Қазақстанға танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен болатын «Ән тербеген Қызылорда» ретрофестивалі көтере түседі. Қала күніне орайластырылған мерекелік шаралар шымылдығы 11 қазанда Орталық алаңда Гала-концертпен жабылады.

Соңғы жаңалықтар