Қызылордада қалдықсыз өнім шығаратын зауыт іске қосылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Дүр Оңғар ауылында қалдықсыз өнім шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аталмыш зауытта күріш шығарылады. Онда тәулігіне 65 тонна өнім дайындауға мүмкіндік бар. Күріш қалдығы да қажетке жарайды. Одан мал азығы ретінде 3 түрлі өнім тұтынушыға жол тартады.

Бұрынғы жылдарда күріш кебегі ешбір кәдеге жарай қоймайтын. Әдетте, ол далада қоқысқа айналып немесе оны диқандар жағып жіберуге мәжбүр болатын. Ендігі кезекте мұндай олқылыққа жол берілмейді. Осындай оңды істердің нәтижесінде елді мекендегі 15 адам кәсіп көзін тауып отыр. Бұл игілікті істі ауылдағы «Жаңажол» шаруа қожалығы қолға алды.

Былтыр шаруа қожалығы 3,2 мың гектарға күріш екті. Оның әр гектарынан орташа есеппен алғанда 74 центнерден өнім келді. Ол Сыр өңірінде жоғары көрсеткіштің бірі саналады.

«Бұрынғы күріш ақтайтын диірменнен айырмашылығы көп. Мұнда фотосеператор бар. Қызыл күріштен ажыратады. Айта кетерлігі, сағатына 5 тонна күріш шығаруға әбден болады. Өнімді еліміздің бірқатар өңірлеріне жіберіп жатырмыз. Келешекте экспортқа шығаруды жоспарлап отырмыз», - деді шаруа қожалығының бас агрономы Төлеу Ерғалиев.

Соңғы жаңалықтар