Қызылордада карантин кезінде демалыс орнында отырыс ұйымдастырған тұрғын жазаланды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында карантин кезінде жалға берілетін демалыс орнында отырыс ұйымдастырған тұрғын жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қызылордада 1-3 мамыр аралығында Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қала маңындағы саяжай учаскелеріне рейдтік тексерулер жүргізді.

«Тексеру барысында карантин режиміне қарамастан ПМК-29 саяжайында демалыс ұйымдастырған 1 азаматқа қатысты хаттама толтырылды. Оның қасындағы 8 тұлғамен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деп мәлім етті Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы диагонозы қойылған 214 науқас тіркелген.

Оның 138-і індеттен сауығып шықты. Қазіргі кезеңде инфекциялық стационарда 76 науқас ем қабылдаса, 24-і провизорлық стационарға, 402-сі карантиндік стационарға жатқызылған.


Соңғы жаңалықтар