Қызылордада карантин талабын бұзуға байланысты 900-ден астам дерек тіркелген

Олардың 543-і той жасауға қатысты болып отыр. Өңірде арнайы құрылған 24 мобильді топ жұмыс жасауда.
«Қызылорда облысында 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін бірқатар іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Олардың қатарында ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен корпоративтерді өткізу бар», - деді облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев.
Қызылорда қаласы әкімдігінің жанынан құрылған мониторингтік топ облыс орталығында және шет аймақта орналасқан бірқатар кәсіпкерлік нысандар аралады. Онда санитарлық талаптар қадағаланды. Жұмыс барысына топ мүшелерімен қала орталығында орналасқан «Селена Стар»,
«Эсперанза», «Барон», «Дубай», «Восток» мейрамханаларында карантин талаптары сақталмағаны анықталды. Оларға тиісті анықтама толтырылды. Сонымен қатар мобильді топ мүшелері «Venom» компьютерлік клубымен «Loto» букмекерлік орталықтың жұмыс жасап тұрғаны анықтады. Компьютерлік клубтың және букмекерлік орталықтың әкімшісіне арнайы анықтама толтырылып, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау баскармасына жолдады.
Айта кетерлігі, Қызылордада коронавирус жұқтырған науқастардың 98,4 пайызы толығымен жазылды.