Қызылордада карантинге байланысты жаңа шектеулері енгізілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында карантин талаптарына байланысты жаңа шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты облыстың Бас сантариялық дәрігері жаңа қаулы қабылдады. Қаулыда бірқатар шектеулер енгізілген.

Ендігі кезекте вакцина алмаған жұмыскерлер оффлайн режимде жұмыс істемейді. Болмаса жеті күнде бір рет міндетті түрде ПТР тестілеуден өту керек. Қаулы 3 шілде күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Сондай-ақ, жаздық алаңдар, қоғамдық тамақтану объектілері сағат 9.00-ден 20.00-ге, асханалар түнгі 24.00-ге дейін халыққа қызмет көрсете алады. Ал «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің жұмысына шектеу жоқ. Алайда мереке, демалыс күндері олар да жұмыс істемейді. Мұнан өзге, сенбі және жексенбі күндері сауда үйлері, бассейндер, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтары, ашық, жабық базарлар жұмысын тоқтатады.

«Бүгінде облыс «сары» аймақта тұр. Күн сайын ауру жұқтыру қарқыны жоғарылап келеді. Эпидемиологиялық зерттеулер нәтижесіне сәйкес, дертке шалдыққандардың басым көпшілігі екпе алмағандар арасынан анықталды. Ғалымдардың мәлімдемесі бойынша, елімізде қолданылып жатқан вакциналар коронавирустың мутацияларына қарсы антиденелер тудыруға қауқарлы. Ұжымдық иммунитет неғұрлым тез қалыптасса, вирустың жаңа нұсқаларының пайда болуы да соғұрлым бәсеңдейді. Сондықтан барша қызылордалықтарды вакцина алуға шақырамын», - деді Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова .

Ал адамдар көп жиналатын іс-шаралар, ойын клубтары, караоке, театр, кинотеатр, филармония қызметіне, боулинг, бильярд, спорттық, банкет залдардың жұмысына тыйым салынады.


Соңғы жаңалықтар