Қызылордада қараша айында 319 адам коронавирус жұқтырды

Өңірде өткен жылдан бері 19 170 адам қатерлі дерттің құрығына ілікті. Ауруға шалдыққандардың 70 пайызы клиникалық белгісімен анықталған.
Жалпы тіркелген деректің 18 пайызы былтыр есепке алынса, қалғаны биыл есепке алынды.
«Айта кетерлігі, былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда коронавирус бойынша салыстырмалы аурушаңдық көрсеткіші 3 есеге дейін ұлғайды. Дегенмен соңғы 2 айдағы көрсеткіш төмендеді. Атап айтқанда, қыркүйекте 1125 жағдай анықталса, қазанда ол 949 жағдайды құрады. Ол қараша айының 15 күнінде 319 адамды шамалады», - деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 7 азамат жұқтырды. Оның 6-уы коронавирусқа қарсы екпе салдырмаған. Вирус жұқтырған адамдармен тығыз байланыста болған 36 адам медициналық бақылауға алынған.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында «Pfizer» вакцинасын егу басталды.