Қызылордада кәсіп иелерін қайта даярлау орталығы ашылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Қызылорда қаласында мамандарды дайындау және қайта оқыту орталығының тұсауы кесілді. Оның ашылуына "Сейфти Консалтинг Сервис" ЖШС ұйытқы болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Мұрат Мұхамедов Елбасы тапсырмасымен бүгінгі дағдарыс уақытында мамандарды қайта даярлауға ерекше мән беріліп отырғанын жеткізді. Бұл орайда серіктестіктің бұл игі бастамасы құптарлық. Мұнай-газ және құрылыс салаларына қажетті кәсіп иелерін дайындауға мән берген орталықта алдағы кезеңде өз біліктілігін арттырғысы келетін азаматтар мен жұмыссыз жүрген адамдар білім алады. Жұмыссыз жүрген адамдар қалалық жұмыспен қамту мекемесі арқылы іріктеліп алынады. Оларға оқу ақысыз жүргізіледі. Осының арқасында қысқартуға іліккен және екі қолға бір кәсіп таппай жүрген азаматтар жұмыс қолына сұранысы артып тұрған салаларда еңбек етуге мүмкіндік алады. Келешекте қалада тағы да осындай екі орталық ашылмақшы.
Соңғы жаңалықтар