Қызылордада қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың облыстық форумы өтті
Аталмыш форум соңғы жылдары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ол дәстүрлі шараға айналып, биыл екінші мәрте қолға алынып отыр.
Оған Сыр өңірінде қайырымды іспен айналысып, көмек қолын созып жүрген азаматтар қатысты. Форум - игі істі насихаттап, көпке үлгі болған азаматтарды қолдау, одан әрі қоғамныі дамуына жаңа екпін беру мақсатында өткізілді.
Облыстық форум барысында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, қайырымдылық жасаушы 8 бірдей жомарт жанды Алғыс хатпен марапаттады. Олардың қатарында Сырдария ауданындағы «Бесарық» ЖШС төрағасы Дәулет Сәрсенбаев, Жаңақорған ауданындағы «Ынтымақ» ЖШС директоры Рақым Құтыбаев, «Иман-Ихсан» қоғамдық қорының төрағасы Сәбит Аралбаев, жеке кәсіпкерлер Думан Нұрылла, Алмат Сүлейменов, Ақшагүл Мақатова, «СМП-Қызылорда» ЖШС директоры Темірхан Әлімқұлов бар.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «СМП-Қызылорда» ЖШС директоры Темірхан Әлімқұловтың қайырымдылық ісі жайында хабарлаған едік.
Ол әлеуметтік жағынан мұқтаж отбасыларға пәтер сыйлады.