Қызылордада Қазақстан халықтарының тілдеріне арналған ХII фестиваль болып өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін Қызылордада Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған «Тілі бірдің- тілегі бір» атты ХІІ облыстық фестиваль болып өтті.
None
None

Мерекелік шараға облыс басшылығы мен аймақтағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, барлық мекеме және оқу орындары басшылары, студент жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Фестиваль барысында облыстағы ұлттық-мәдени орталықтар өкілдерінің бірнеше тілде дайындаған ұлттық айшықтағы өнерлері ұсынылды. Олар ұлттық дәстүрдегі ән-билерін қазақ және ана тілдерінде орындады. Онда сондай-ақ бейнетүсірілім көрсетіліп, облыстағы ұлттар достығы үлгісінің шынайылығын танытты. Түрлі ұлттардың салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайтын көрме ұйымдастырылды.

Соңынан тіл саясатын дамытуға зор үлестерін қосқан бірқатар азаматтар облыс әкімінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Тіл комитетінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар