13:45, 12 Қазан 2013 | GMT +5
Қызылордада «ҚазГермұнай» компаниясының мерейтойы аталып өтті
ҚЫЗЫЛОРДА.12 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Қызылордада «ҚазГермұнай» БК» акционерлік қоғамының 20 жылдығы салтанатты жағдайда аталып өтті.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Бұл шара кәсіпорынның құрылу және даму тарихын бейнелеуге арналған деректі фильмді көрсетуден басталды. Содан кейін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиналғандарды компанияның мерейтойымен құттықтады. Ол өз сөзінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің үлесін қосып келе жатқан сала мамандарының еңбектерін атап өтті. Өндіріс озаттарына құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті. Салтанатты кештің соңы концертке ұласты. Нұржамал Үсенбаева, Жәмила Серкебаева және Ескендір Хасанғалиев сынды өнер жұлдыздары өнер көрсетті.