Қызылордада қазіргі білім беру мәселесі талқыланды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан коммунистік партиясы Қызылорда облыстық филиалында қазіргі білім беру, мұғалімдер мәселесі және оларды шешу жолдары туралы оғамдық талқылау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық талқылау барысында білім саласындағы бүгінгі өзекті мәселелер айтылды. Қазір әлем жұртшылығы коронавирус салдарынан көптеген қиындыққа душар болды. Соның салдарынан біздің елімізде мектептерде оқушылардың қашықтан білім алуына назар аударылды.

«Әрине, қауіпсіздік шараларына көңіл бөлу - бәрімізге жүктелген міндет. Оның ішінде жас ұрпақтың денсаулығын сақтау бағытында бұл тиімді болып отыр. Десе де осы бағытта көптеген қиындық туындап отыр. Қашықтан оқытуда бірқатар қателік кездесті. Солардың бірі ретінде кейбір елді мекендерде интернет байланысының нашарлығын айтуға болады. Сондай-ақ, білім беру әдістемесі қалай дайындалды? Бүгінде білім саласында осындай проблемалар кездеседі. Мәселен, Германияда бұл бағытта оңды істер бар. Онда интернет мәселесі толықтай шешілген. Қашықтан оқыту әдістемесі әзірленген. Білім саласында ешқандай қиындықтар туындап жатқан жоқ», - дейді филиал төрағасы Талғат Телеубаев.


Оның айтуынша, кейінгі жылдарда мұғалім мәртебесін көтеру бағытында игі істер қолға алынды. Бұл оларға көрсетілетін құрмет деңгейін арттыра түседі.

«Қайбір жылдарда мұғалімдер мәртебесі жайында жиі айтылатын. Аталған проблеманың тиімді шешілгенін бәріміз де құптаймыз. Алайда соған қарамастан бұл бағытта әлі де түйінді тақырыптар жоқ емес. Талқылау барысында осындай жағдайларға ерекше назар аударылды», - деді Т.Телеубаев.

Аталған шара барысында қалалық білім бөлімі, әкімдік, мектеп және арнаулы оқу орындарынан мамандар келді. Олар тақырыпқа байланысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Сондай-ақ, Қызылордада мұқтаж отбасыларды баспанамен қамту мәселесі талқыланды.


Соңғы жаңалықтар