Қызылордада кикбоксингтен ҚР чемпионатына 300-ге жуық спортшы қатысуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылордада жасөспірімдер арасындағы кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты басталды. Оған астана, Алматы қалалары және республиканың 14 аймағынан 300-ге жуық спортшы қатысуда, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Спорттық жарыстар «фулл-контакт» форматында өтеді. Төсенішке 16 салмақ дәрежесі бойынша спортшылар шығады. Ең мықты кикбоксшылар ел құрамасына кіріп, әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды. Жарыс қорытындылары ертең шығарылады.

Соңғы жаңалықтар