Қызылордада қоғамдық көліктегі қыз-келіншектерге гүл шоқтары таратылуда (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда әкімдігі мен "Қызылорда автобус паркі" бірлесіп қаладағы түрлі бағықта қатынайтын бірқатар қоғамдық көліктерде, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аналар мен қыз-келіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында гүл шоқтарын таратты.
None
None

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғамдық көліктерге мінген аналарымыз бен аруларымыз: "жыл сайын ұйымдастырылатын шара болса да, біз үшін әр кез ерекше қуаныш, көрсеткен құрметтеріңіз үшін үлкен рахмет" - деп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп жатты.

Жалпы Қызылорда қаласында жыл сайын ұйымдастырылып отыратын бұл шара, биылғы жылы да 7-8 наурыз күндері жалғасатын болады.
null null null null

Соңғы жаңалықтар