Қызылордада көкөніс-бақша өнімдерінің бағалары шарықтап кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ Бүгінгі күні Сырдың бойындағы Қызылорда қаласының базарларында көкөніс-бақша өнімдерінің бағасы бұрынғыдан да қымбаттап, тіпті ышқынып кетті.
None
None

Дәл осы сағаттарда елдің түстік бөлігі болып саналатын бұл шаһарда қызанақтың әр кілесінің бағасы 250 теңгеге барса, қияр 100 теңгеге жетті. Бұлардан көкөністің басқа түрлері де қалысқан жоқ. Соның салдарынан мұнда қазір сәбіздің кілесі 180 теңгенің шідерін үзіп жібере жаздап шіреніп тұрса, баклажан мен болгар бұрышының әрбірі 150, пияз 110, капуста 100, картоп 80 теңгеден босатылуда.

Бұл бағалардың шамасын байқату үшін ғана айтайық, іргедегі Түркістан қаласының базарларында осы күндері қызанақ түске дейін 70-80, бесін ауа 40-50, қияр түске дейін 20, түс қайта 15 теңгеден сатылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар