Қызылордада көпірден УАЗ көлігі құлады

  ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы көпірден УАЗ көлігі Сырдария өзеніне құлап кетті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл оқиға Шиелі ауданының Қызылқайың елді мекеніне жақын аумақта орын алған. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізуші көлік салонынан дер кезінде секіріп үлгерген. Ал көлік өзен түбіне батып кеткен. Аталмыш көлік бес сағаттан кейін табылды. Ол жағаға шығарылды.

Құтқарушылар мұндай жағдай соңғы он күннің ішінде екінші мәрте орын алып отырғанын айтады. Тамыз айының аяғына таман сол көпірден тағы бір УАЗ көлігі өзенге құлаған еді.

Соңғы жаңалықтар