Қызылордада көпқабатты үйден өрт шығып, 6 адам ауруханаға жеткізілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда қаласындағы «Шұғыла» мөлтек ауданындағы бес қабатты үйде шыққан өрттен барлығы 17 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқыс оқиға сағат 11.15 шамасында болды. Облыс орталығындағы «Шұғыла» мөлтек ауданы 7 «А» үйдегі үшінші қабаттан өрт шықты. Ас бөлмесінен басталған жалыннан қысқа толқынды пеш, тоңазытқыш, кір жуғыш машина өртенді. Көпқабатты үйдегі өзге тұрғындар қауіпсіздігін сақтау мақсатында оларды құтқару жұмыстары жүзеге асты.

«Құтқарушылар 7 адам автосаты арқылы эвакуацияланды. Оның ішінде 2-і - бала. Ал өрт автосатысы арқылы 4 қабаттан 10 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылды. Өрт 11.34-те сөндірілді. Апаттар медицинасы орталығының бригадасы облыстық медициналық орталыққа көмірқышқыл газынан улану белгісімен 4 адамды жеткізді. Ал «Жедел жәрдем» бригадасы 2 баланы облыстық балалар ауруханасына алып барды. Қаза болғандар жоқ. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 14 қызметкер 4 техникамен барды», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.

Сондай-ақ, оқиға орнында «Апаттар медицинасы орталығы», жедел жәрдем қызметі, полиция департаментін және өзгеде сала мамандары жетіп қызмет атқарды.

Бұдан бұрын Қызылордада көпқабатты үйден өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды.


Соңғы жаңалықтар