Қызылордада көптен күткен «Денсаулық керуені» жолға шықты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы аясында аймақ бойынша «Денсаулық керуені» бүгін жолға шықты, деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.
None
None

«Керуен Арал, Қазалы, Сырдария, Шиелі, Жалағаш, Қармақшы, Жаңақорған аудандарының 26 елді мекенін аралайды. Денсаулық керуені медициналық топ зертханасы, медициналық құрылғыларымен қамтылып, кардиолог, онколог, терапевт, стоматолог, акушер, хирург сынды білікті мамандар жұмылдырылды», делінген хабарламада.

Айта кету керек, жылжымалы медициналық кешен облыстың барлық елді мекендеріне барып, медициналық бақылау жүргізеді. Өткен жылы 3 жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен облыс бойынша 135 елді мекеннің 286 035 тұрғынына көмек көрсетілген болатын.

Соңғы жаңалықтар