Қызылордада құқық тақырыбында жазып жүрген журналистер марапатталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық әділет департаменті құқық тақырыбында жазып жүрген бір топ журналистерді құрмет грамоталарымен және түрлі бағалы сыйлықтармен марапттады.
None
None

Осыған арналған жиында сөз сөйлеген облыстық әділет департаментінің бастығы Балайым Кесебаева бұқаралық ақпарат құралдары мен жекелеген журналистердің әділет жүйесінің беделін көтеруге айтарлықтай үлес қосып келе жатқанын әңгімеледі.

Соңынан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін марапаттау рәсімі жүргізілді. Мерекелеу сәті сосын дастарқан басында жалғасын тапты.

Соңғы жаңалықтар