Қызылордада құны 32, 5 млрд. теңге тұратын күкірт қышқылы зауыты салынбақ

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық акцио­нер­лік қоғамының еншілес кәсіпорны - «СКЗ-U» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі Қызылорда қаласының аумағынан күкірт қышқылын өндіретін зауыт салуды қолға алғалы отыр.
None
None

Жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін бұл өндіріс орны құры­лы­сының құны 32,5 млрд. теңгені құ­рай­ды.

Қазіргі таңда бұл жоба бойынша ұзындығы 8,8 шақырым болатын ВЛ-35 желісінің құрылысы, сондай-ақ кәсіпорын мамандарына арналған мобильді қалашық пен «Шымкент-Самара» тас жолынан 9 шақырымға жалғасатын автокөлік жолының құры­лысы аяқталды. Аталмыш жоба белгі­ленген кестеге сәйкес келер жылдың төртінші тоқсанында жүзеге асы­рылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар