Қызылордада қураған шөп өртеніп, қаланың бірқатар бөлігін түтін басты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада қураған шөптің өртенуі салдарынан қаланың бірқатар бөлігін түтін басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада қураған шөп өртеніп, қаланың бірқатар бөлігін түтін басты
Ашық көздерден алынған фото

Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сағат 14.50-де хабарлама келіп түсті.

«Онда Наурыз саяжайы тұсындағы Шіркейлі каналының жиегінде қураған шөптің жанып жатқаны жөнінде айтылған. Қазіргі таңда оқиға басында мамандар 4 техникамен өртті сөндіруге күш салып жатыр. Сондай-ақ, оқиға орнында орман шаруашылығы саласының мамандары бар», - деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада полицей суға батып бара жатқан жігітті құтқарды.