Қызылордада күріш өндірушілерге 70 млн теңге жуық айыппұл салынды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер үшін көтерме күріш сатушыларына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Қызылордада күріш өндірушілерге 70 млн теңге жуық айыппұл салынды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті күріштің алты ірі өндірушісі мен көтерме сатушысына қатысты тергеуді аяқтады («Абзал и К» ТС, «Мағжан и К» ЖШС, «Жан-Арай» ЖШС, «Най-Мир» ЖШС, «Абай-Даулет» ЖШС және «Байдалиев К» ЖК).

Нақты айтсақ, кәсіпкерлер күріш бағасын белгілеп және ұстап тұрғандығы туралы бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимыл фактілері анықталды.

Тергеу қорытындысы бойынша күріш өндірушілер мен көтерме саудагерлеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Осы маусымда сот аталған күріш өндірушілерді жалпы сомасы 67,9 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сот шешімі заңды күшіне енді.