Қызылордада қымызмұрындық әзірленді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ұлыстың Ұлы күні Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев Сырдария ауданы Н. Ілиясов ауылында болып, Әз-Наурыз мерекесіне қатысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Қазірде бұл ауылды білмейтін жан жоқ. Сәулетті мекенге ХХІ ғасырдың ауылы деген тіркес қоса айтылады. Негізгі кәсіп егіншілік. Ауылды түлетуге кәсіпкер Абзал Ералиев өлшеусіз үлес қосты. Еңбегі еленіп, Елбасы қолынан Қазақстанның Еңбек Ері атағын алды. Бүгінде бұқараға Нағи ауылы мен Абзал егіз ұғымдай. Бұл мекенде жаңа жыл жоғары деңгейде аталып өтілді. Театрландырылған қойылыммен мейрамның мазмұны айшықталды. Өңір басшысы жиылған жұртшылықты Әз-Наурыз мекересімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

- Баршаңызға күн мен түн теңесетін, ұлық мереке Наурыз құтты болсын. Жылқы жылынан күтеріміз көп. Елбасы биылғы Жолдауында бір мақсат деуі үздік отыздықтан орын алу болса, бір міндет пен бір болашақ «Мәңгілік ел» атануымызға бағдар береді. Мемлекет басшысының салиқалы саясатын жүзеге асыруда Сыр елі халқы аянып қалмайды. Алға қойған міндеттерді бірге бағындыратынымызға сенім мол. Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын, еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Мұнан соң балалар, ақ тілектері жазылған шарларды әуеге ұшырды. Ауылдың мәдениет үйінде салт-дәстүр жоралғылары көрсетілді. Ұмыт қалып бара жатқан қымызмұрындық жасалды. Яғни көктемнің алғашқы күндері жайылған жылқының сүтін ашытып, ағайын-туыс, көрші-көлем бір-бірін қонаққа шақырып, қымыз береді. Бұл дәстүр қымызмұрындық деп аталады.

Мереке барысында арқан тартыс, қол күрес, гір көтеру, асық ату сынды ұлттық спорттық ойындардан сайыс өткізіліп, эстрада жұлдыздары Елена Әбдіхалықова, Жеңіс Ысқақова, Елмура Жаңабергенова және «Нұр-Мұқан», «Азия» тобы концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Соңғы жаңалықтар