Қызылордада қытайлық компания ферроқорытпа зауытын салады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Осы уақытқа дейін айтылып келген ферроқорытпа зауытының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру келісіміне қол жеткізілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Облыс әкімдігі мен «Ningxia Baota Petrochemical Technology Industrial Development Co. Ltd» атты қытайлық компанияның төрағасы Чжанг Лижонг арасында өзара серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойылды. «ВАОТА» компаниясы екі ай ішінде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасақтап, облыс әкімдігіне келісуге ұсынуға міндеттеме алып отыр. Бүгінде оны қаржыландыру құрылымы жөнінде мәселе қарастырылып жатыр.

Ферроқорытпа зауыты және газ турбиналық электр стансасы Қызылорда қаласының индустриялық аймағында орналасатын болады.

Сарапшылар мен ғалымдардың бағалауынша, Қызылорда облысында ванадий және көп металдық кен орындары негізінде металлургиялық кластер жасақтауға мүмкіндік мол.

Ал металлургиялық кластердің болашақта бас тетігі болып табылатын ферроқорытпа зауытын салу аймақтың экономикасын дамытуға зор үлесін қосады.

Сондай-ақ, ферроқорытпа зауыты жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін жасақтап, ағымдағы жылдың мамыр айының ортасына дейін Үкіметке ұсыну жөнінде шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар