Қызылордада мәдениет үйі пайдалануға берілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылдық округінің орталығы - Баймұрат батыр ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жаңа ғимарат заманауи талаптарға сай бой көтерген. Онда 150 орындық көрермен залы, кітапхана, үйірме, хореография залдары, ардаргерлер бөлмесі, тағы басқа ауыл тұрғындарының мәдени демалысына қажетті мүмкіндіктер қарастырылған. Нысан құрылысына 272 млн теңге жаратылды. Бұл ғимарат мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған. Құрылыстың салынуына белгілі кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты Қайрат Орынбасарұлы қаржылай қолдау көрсетті.

Айта кетерлігі, бұрын аталмыш ауылда мәдениет үйі мүлдем болған жоқ. Тұрғындардың өтініші осылайша қанағаттандырылды.

Алдағы уақытта мәдениет үйінде ән-би, «Сыр Орда» ансамблі, көркемсөз мәнерлеп оқу, «Сәулем-ай» әжелер ансамблі, «Домбыра» секілді 6 үйірме жұмыс жасап, 13 адам тұрақты еңбекпен қамтылады.

Сондай-ақ, ауылдық окургке қарайтын Талдыарал елді мекеніндегі ұзындығы 3,4 шақырым болатын кіреберіс жолдың мәселесі оң шешімін тапты.






Соңғы жаңалықтар