Қызылордада «Масленица» мейрамы аталып өтілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының орталық алаңында ежелгі славян халықтарының дәстүрлі мерекелерінің бірі - Масленица халықтық мейрамы аталып өтті.

Бұл - қысты көңілді шығарып салу, жақындап келген көктемді, табиғаттың жаңаруын жылы қарсы алу мерекесі. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш мерекені жыл сайын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған «Славяне» этно-мәдени орталығының мүшелері биыл да «Сударыня, Масленица!» тақырыбымен ұйымдастырылған шара арқылы қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұның бірінші кезекте халықтар арасындағы достықты нығайту жолында септігі мол.

Мерекемен қызылордалықтарды «Славяне» қоғамдық мәдени орталығының жетекшісі Галина Щербакова, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаев және тағы басқарлар құттықтады. Одан соң мерекелік концерт болды. орыстың халық әндеріне орталық алаңға жиналған жұрт билеп, тілек білдірушілер спорттық шаралар мен әртүрлі ойындарға қатысты.

Соңғы жаңалықтар
telegram