Қызылордада мемлекетке 72,3 млн. теңге залал келтірген қызметкерлердің үстінен іс қозғалды

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қызылордада мемлекетке 72,3 млн. теңгенің залалын келтірген облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы бөлім бастығының үстінен қылмыстық іс қозғалды.
None
None

Бұл туралы облыстық қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары Ілияс Рахманов хабарлады.

Атап айтқанда, облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы бөлім бастығы Ө.Қожақов «Газдандыру нысандарын салу дирекциясы» МКК-ның маманы С.Алмағанбетовке қатысты ресми құжаттарды қолдан жасап берген және «Нұр Орда» ЖШС-ның директоры Н.Бекетаевқа қатысты бюджет қаржысының қолды болуына жол берген деректері үшін қылмыстық жауапқа тартылғалы отыр.

Оқиға 2008 жылы Жаңақорған ауданы Кейден ауылындағы 140 орындық №208 орта мектеп үйінің құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізуге ашық конкурс ұйымдастырылғаннан кейін орын алған. Құны 221,8 млн. теңге тұратын осы жұмысты «Нұр Орда» ЖШС жеңіп алған. Кейін оның жұмысты толық атқармағанын біле тұра, Ө.Қожақов пен С.Алмағанбетов қызметтік жалғандыққа барып, жұмыстың орындалғаны жөніндегі актіге қол қойған.

Соңғы жаңалықтар