Қызылордада мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлікті дамытуға оң әсерін тигізді

Былтыр «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін 4 173,13 млн теңге қаралды. Аталған қаржы субсидиялау және ішінара кепілдік беруге жұмсалды. Сондай-ақ, ол гранттық қаржыландыруға қарастырылды.
Нәтижесінде бағдарлама аясында несие портфелі 30,9 млрд. теңге болатын 2048 жоба субсидияланып, біршама жобаға мемлекет кепілдігі ұсынылды. Олардың басым бөлігі көтерме және бөлшек сауда, қызмет көрсету, өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау, білім, байланыс, ойын-сауық және тамақтану қызметі секілді өзге салаларға бөлінген.
«Былтыр субсидияланған жобалар саны 2010-2020 жылдар аралығындағы жобалардың жалпы санынан 27,5 пайызға артық болды. Жалпы, несиелендірілген жобалардың өсуі, ең алдымен пандемия ахуалында Үкіметпен қабылданған жедел шараларына байланысты жүргізілді. Осы мақсатта, бағдарламаға «портфельдік несиелеу» жаңа құралы енгізілді. Оның негізінде несиелер бойынша субсидиялау және ішінара кепілдендіру құралдарының тетіктері біршама жеңілдетіліп, салалық шектеулер алынып тасталды.
Портфелшьдік несиелеу құралы аясында екінші деңгейлі банктермен несие бойынша өтінімдер қарастыру тәртібі оңтайландырылды», - деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов.
Еске салсақ, биыл Қызылорда облысында мемқызметшілер саны 330 адамға қысқарды.