14:18, 25 Тамыз 2014 | GMT +5
Қызылордада мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға 50 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әлеуметтік маңызы бар және инфрақұрылым бағытындағы жобаларын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Мәселен, биыл мемлекеттік және салалақ бағдарламалар шеңберінде 50 млрд. теңге қаржы берілген. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын қарау барысында Қызылорда 2015 жылы аса маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін 22 млрд. теңгені қорға жинақтауға мүмкіндік алды. Бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады.