14:12, 04 Маусым 2014 | GMT +5
Қызылордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ибрагим Ескендір «Көк Тудың желбірегені» әнін орындады
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Менің Қазақстаным!» атты облыстық патриоттық акциясы өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мамен.
Акцияға қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары А.Әлназарова құттықтады.
Мерекелік шараны орталық стадионның үстінен ҚР Мемлекеттік Туын алып тікұшақтан түскен 2 парашютшінің өнерімен басталды. Мерекелік шеруді облыстағы түрлі спорттық шаралардың жеңімпаздарынан құралған танымал спортшылар бастап, автокеруен жалғастырды.
Ең есте қаларлығы, концерттік бағдарламамен жалғасқан салтанатты шарада әнші Ибрагим Ескендір елдің әнұранындай сүйікті әнге айналған «Көк Тудың желбірегені» туындысын орындады.