Қызылордада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары талқыланды (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазіргі қаржылық қиындықтарға байланысты республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 45 пайызға қысқарды. Қаражат тек бұрын басталған жобаларға ғана бөлінді. Дегенмен Қызылорда облысына қажет әлеуметтік нысандарды салу мәселесін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында шешу жолдары қарастырылуда.
None
None

Осы мақсатта бұған дейін облыс әкімдігі мен «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ, «Халықаралық қаржы корпорациясы» мен «Байқоңыр ӘКК» арасында меморандумға қол қойылған болатын. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжілісте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылатын жобалар талқыланды. Олардың қатарында облыс орталығында ауысымына 500 келушіге арналған емхана (жобаға тартылатын инвестиция көлемі - 1,0 млрд. теңге), келесі жоба - «СМПК-70» мөлтек ауданында салынатын 600 орындық колледж және 200 орындық жатақхана (жобаға тартылатын инвестиция көлемі - 1,9 млрд. теңге), апаттық жағдайдағы мектептердің орнына салынатын нысандар, жоба аясында 11 білім ұясы салынады деп күтілуде (жобаның құны - 4,5 млрд. теңге), Қорқыт ата әуежайы жаңа терминалының құрылысы (жобаның құны - 7,5 млрд. теңге), Сырдария ауданының тұрғындарын таза ауыз сумен қамту жобасы (жобаның құны - 1,3 млрд. теңге).

Осы жобаларды жүзеге асыру, қажет құжаттарын әзірлеу жұмыстарын «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жүргізу орталығы» ЖШС жүргізетін болады.

Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жауапты сала басшыларына жобаларды жүзеге асыруды мерзімінен кешіктірмеуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар