Қызылордада «Менің отаным - Қазақстан» тақырыбы бойынша конкурс өтті

ЗЫЛОРДА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласындағы №№43 және 140 мектептерде «Менің отаным - Қазақстан» тақырыбы бойынша жан-жақты конкурс болып өтті.
None
None

Конкурсқа қала мектептердегі 5-11 сыныптарда оқитын оқушылар қатысып, осы тақырыпта шығарма жазды. Олар өз шығармаларында жас мемлекетіміз, оның нышандары, жас қазақстандықтар алдынан ашылған даңғыл жол жайында кеңінен толғады. Нәтижесінде №№ 2, 112, 171 мектептердің ұжымдары үздіктер үштігін құрады.

Конкурста мектептер мұғалімдері де өзара сайысқа түсті. Оның қорытындысында №112 мектептің мұғалимасы Е.Птицына бірінші орынды жеңіп алды. Жүлделі орындарға сондай-ақ №№115, 140 және 173 мектептердің мұғалімдері ие болды. Бұдан соң мектептер ұжымдары театрланған көріністер бойынша сынға түсті. Онда бас бәйге №171 мектептің өнерпаздарына бұйырды.

Соңғы жаңалықтар