Қызылордада мердігердің кемшілігінен мектеп құрылысы аяқталмай отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм ауылындағы жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған 100 орындық мектеп білім күнінде есігін айқара ашқан жоқ. Білім ғимараты құрылысының кешігуіне мердігер мекеме тарапынан жіберілген кемшіліктер себеп болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қызылорда облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріков «Мердігерлердің жауапсыздығы  Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм ауылындағы 100 орындық мектепті пайдалануға берілетін мерзімінен кешіктірді» деді. Мектеп құрылысының бас мердігері «Нұрым» ҚК» ЖШС нысанды үстіміздегі жылдың шілде айында тапсыруы керек-тін. Дегенмен, құрылыс кестеден қалыс қалып, оқу жылының басында мектеп дайын емес.

«Құрылыс жұмыстары кесте бойынша былтыр басталды. Жұмыстың бастапқы кезеңі уақытылы жасалды, бірақ 2018 жылы жұмыс қарқыны бәсеңдеді»,-дейді басқарма басшысы Мұхамедиса Әлсеріков.

Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі таңда жұмыс көлемінің 85%-ы орындалды,  бірақ абаттандыру, көгалдандыру және технологиялық жабдықтарды орнату жұмыстары аяқталмай отыр.

«Қоймаға заттар жеткізілгенімен, мердігерлер жабдықтардың орнатылмауына байланысты әрлеу жұмыстарын уақытында бітіріп үлгермеді. Кестеден кеш қалуына қатысты бірнеше рет ескертіліп, мердігерге 3 хат, техникалық қадағалау инженеріне бір рет хат жолданды. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алушының жауапсыз әрекеті үшін сотқа беріп, сонымен қатар айыппұл төлетіп, құрылысты аяқтауды міндеттеуге қатысты сот ісі басталды»,- дейді М.Әлсеріков.

Оның айтуынша, құрылыс және қабылдау жұмыстары ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында аяқталады.

Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Құралай Ерташованың айтуынша, құрылыс аяқталғанға дейін сабақ оқу процесіне жарамды ескі мектеп ғимаратында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар