Қызылордада «Мобильді сарапшы» жобасы жұмыс жасауда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Мобильді сарапшы» жобасы Қызылордада да белсенді жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба аясында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен құрамында тәжірибелі рестораторлар, технологтар бар сарапшы топ қоғамдық тамақтану орындарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сарапшы топ облыс орталығындағы «Каир», «Керуен», «Арбат», «Альбион» сынды және өзге де қоғамдық тамақтандыру орындары мен мейрамханаларында болып, қоғамдық тамақтандыру орындарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Айта кету керек, аталмыш талаптар сақталмаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабына сәйкес айыппұл шаралары қарастырылған.

Мұнан өзге, қызметкерлерге екі тілде жоғарыда аталған талаптар көрсетілген жадынама таратылып берілді.

Соңғы жаңалықтар
telegram