Қызылордада мониторинг мүшелері бірнеше тойды тоқтатты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мониторинг топ өкілдері бір күннің ішінде бірнеше тойға жиналғандарды таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Өткен демалыс күндері​ карантин талаптарын бұзудың 31 дерегі анықталды.​ Мәселен, сол күндері Жалағаш ауданының өзінде қыз ұзату, үйлену тойы, бесік той, құдалық ​өткізіліп жатқаны анықталды.

Мобильдік топ мүшелері осындай орындарға барып, жұртшылыққа түсінду жұмысын жүргізді. Той иелерінен түсініктеме алынып, жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.​

«Өңірде коронавирус індетіне қарсы карантин шараларының сақталуын қадағалау үшін 167 мониторинг тобы жұмыс істеп жатыр. Нәтижесінде 305 нысанда карантин талабын бұзғаны анықталды. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы бойынша 533 құқық бұзушыға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігімен жалпы сомасы 37 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», - деп мәлім етті облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада Аshyq жобасына қосылған мекемелер 362 рет заң бұзған.



Соңғы жаңалықтар