Қызылордада «Нашақорлыққа қарсымыз» ұранымен фестиваль өткізілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес ведомствоаралық штабының және Қызылорда ОІІД негізгі іс-шаралар жоспарының талаптарын орындау мақсатында және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында Қызылорда облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен орталық алаңда нашақорлыққа қарсы фестиваль ұйымдастырды.

 Қызылордада «Нашақорлыққа қарсымыз» ұранымен фестиваль өткізілді

null
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ОІІД-ға  сілтеме жасай отырып хабарлады.

 Фестиваль  барысында  митинг  өткізіліп, жыл көлемінде есірткі  мәселесін  көтеріп, үздік ақпараттандыру шарасын жүргізген БАҚ, қоғамдық ұйым өкілдері  департамент тарапынан  алғыс  хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.

null  

Сондай-ақ концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, театрландырылған қойылымдар, ән мен би көрермен назарына ұсынылды. 

Аталмыш  акцияға  қатысқан Қазақстан  эстрада  жұлдызы  Асан Пердешов  өзінің  өнерін  көрсетіп,  бұқара  қауымды  нашақорлықпен ұйымдасқан түрде күресуге шақырды. 

Кешенді  іс-шараға  қатысушыларға  үгіт-насихат  өнімдері таратылды.  

null null