Қызылордада науқастардың басым бөлігі КВИ-ді қарым-қатынас арқылы жұқтырған

Соңғы тәулікте өңірде 5 адамның қатерлі індетке шалдыққаны анықталды. Олардың барлығы - Қызылорда қаласының тұрғындары.
«Науқастардың төртеуі қарым-қатынас арқылы жұқтырған. Біреуі соматикалық ауруы бойынша профилактикалық тексеру кезінде анықталып отыр», -деп мәлім етті Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері Қызылорда облысында 101 адам қатерлі дертке шалдыққан. Олардың 54-і қарым-қатынас арқылы жұқтырса, ол 36 адамда скринингтік тексеру нәтижесінде нақтыланды. Сондай-ақ, 11 жағдайда еліміздің өзге өңірлерінен келген азаматтар арқылы сырттан тасымалданғаны белгілі болды.
Айта кетерлігі, Қызылордада коронавирусты негізінен орта жастағы кісілер жұқтырған.
Алаңдатарлығы, Қызылордада карантин талабын бұзып, той жасайтындар азаймай отыр.