Қызылордада Наурыз мерекесінде 85 бүлдіршіннің тұсауы кесіледі
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда қаласында 21 наурыз, Ұлыстың ұлы күнінде 85 бүлдіршіннің тұсауы кесіледі. Бұл Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл толу құрметіне арналып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сыр өңірінде осы мақсатта түрлі тақырыптағы 300-ге жуық мерекелік іс-шара ұйымдастырылады. Оның ішінде Қызылорда қаласында 100-ге жуық іс-шара өткізілмек.
Мерекені жоғары деңгейде атап өту мақсатында 14-22 наурыз аралығындағы 6 күнге жеке-жеке атау берілген. Атап айтқанда, олардың бірқатары «Тарихтан тағылым», «Наурыз нақышы – тазалық», «Ұлттық спорт – ұлт салауаты», «Жастар күні» аталса, 21 наурыз орталық алаңда «Бірліктің бастауы, елдіктің дастаны – Наурыз» атты Ұлыстың Ұлы күні, жыл басы – Наурыз мейрамын тойлауға арналған мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылады. Сондай-ақ, атаулы күндер аясында облыс әкімінің қатысуымен орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Қайырымды ұлт» жалпыұлттық қайырымдылық акциясы өткізіліп, «Наурыз шапағаты» шарасы ұйымдастырылады», - деді Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов.
Еске салсақ, Атырауда Наурыз мерекесі қарсаңында жаңа автобустар жолға шықтықызы.