16:37, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қызылордада ?Нұр Отан? халықтық -демократиялық партиясының облыстық форумы болды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Бүгін Қызылордадағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығында ?Нұр Отан? халықтық-демократиялық партиясының облыстық форумы болып өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Форумға ?Нұр Отан? халықтық-демократиялық партиясы атынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары қатысты. Облыс әкімі Болатбек Қуандықов баяндама жасады. Ол өз сөзінде аймақта партияның ықпал етуі арқылы жүзеге асырылып жатқан оң өзгерістерге тоқталды. Жиынға партияның Орталық саяси кеңесінің мүшесі, Парламент депутаты Нұртай Сабильянов қатысып, сөз сөйледі.