Қызылордада «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының VIII конференциясы өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қаңтардың 20-сы күні Қызылордадағы Студенттер сарайында "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы облыстық филиалының кезекті VIII конференциясы болып өтті.
None
None

Конференцияда алғашқы сөзді облыс әкімі Болатбек Қуандықов алып, партияның есепті кезеңде атқарған жұмыстарына тоқталып өтті. Ал күн тәртібіндегі алғашқы мәселе - «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалының есепті кезеңде атқарған жұмыстары және «Нұр Отан» ХДП 2020 жылға дейінгі бағдарламасының жобасы туралыбаяндаманы облыстық партия филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысыНұрлан Құдайбергенов жасады. Бұдан кейін филиал бақылау -тексеру комиссиясының жұмысы жайлы комиссия мүшесі Сапура Абдрахимова есеп берді.

Жарыссөзге Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректоры Байзақ Момынбаев, Қармақшы ауданы, ІІІ-Интернационал бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлжәмила Тоқтарбекова, Қызылорда қалалық партия филиалының «Жас Отан» жастар қанаты қалалық кеңесінің атқарушы хатшысы Еркебұлан Меңлібаев, Шиелі аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «Тілеп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ибадулла Тілеп қатысты.

Конференцияда «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі бюросының мүшесі, ҚР Білім және ғылым министріБақытжан Жұмағұловқасөз сөйледі.

Конференцияда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы олыстық филиалы Саяси кеңесі мен тексеру комиссияның жаңа құрамдары, партияның XIII съезіне делегаттар сайланды.

Соңғы жаңалықтар