Қызылордада обаға қарсы жаттығу шаралары жүргізілді

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылордада обаның алдын алу, оны уақытылы анықтау және сырт жерлерден әкелінуі­не жол бермеу мақсатында жаттығу өткізілді.
None
None

Оны теміржол бөлімшесіндегі мемлекеттік санитар­лық-эпидемиологиялық қадағал­ау басқармасы ұйымдастырды.

Мамандардың айтуынша, облыста аса қауіпті жұқпалы аурудың бірнеше табиғи ошағы бар. Соңғы он жылда мұнда оба індетінің бірнеше дерегі тіркелді. Бұл кесел негізінен тамыз және қазан, қараша айларында көтеріледі деген болжам бар. Сондықтан оның алдын алу, әсіресе тасы­малдануына жол бермеу Қызылорда бөлімшелік теміржол көлі­гіндегі мемлекеттік санэпид қадағалау басқармасына айрықша міндет болып табылады. Осыған орай бұл мекеме тиісті сала мамандарымен бірлесіп жаттығу өткізуді дәстүрге айналдырған.

Бұл жолғы жаттығу шарасы да об­лыстық обаға қарсы күрес стансысы, жұқпалы аурулар ауруханасы, төтенше жағдайлар департаменті, желілік ішкі істер бөлімі өкілдері, теміржол мекемелері басшылары мен әскер­ленген күзет қызметкерлері қатысты.

Жаттығу алдын ала дайындалған жоспарға сәйкес №618 «Сексеуіл- Қызылорда» бағытындағы поезында жүргізілді.

Жаттығуда барлығы 4 меди­ци­налық автокөлік, 15 медицина қыз­меткері және өзге де түрлі сала өкіл­дері қамтылды.

Соңғы жаңалықтар