Қызылордада облыс шахматшылары өзара шеберлік байқасты

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада шахматтан облыстық жекелей біріншілік болып өтті.
None
None

Оған облыс орталығы мен барлық аудандардан 30 үміткер қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Швейцар жүйесімен өткен сайыстың жетінші турында чемпионның есімі белгілі болды. Мұндай атақты 6,5 ұпаймен қызылордалық Марат Есенов жеңіп алды. Одан жарты ұпай қалып қойған келесі қызылордалық Барат Жетпісбаев екінші орынға ие болды. Ал үшінші орынды 5-тен ұпайлары бар шиелілік Болат Омарәлиев, байқоңырлық Мектепхан Елеусінов және қызылордалық Виталий Хан өзара бөлісті.

Соңғы жаңалықтар